Көптеген біздің ер азаматтардың көзқарасы бойынша, еуропалықтар – өздерін қорғай алмайтын әлжуаздар. Қақтығыс туындаған жағдайда олар «нағыз еркекше» шешпейді, төбелеспейді, бірден полицияға жүгінеді. Біздің қоғамда мұндай мінез-құлық әлсіздік белгісі ретінде қабылданады.

Алайда шын мәнінде, бұл — өркениеттіліктің екінші жағы. Қоғам неғұрлым дамыған сайын, онда күшке табыну азайып, өзара сыйластық, төзімділік пен дауларды бейбіт жолмен шешу мәдениеті арта түседі.

Мұндай қоғамда тұрмыстық агрессия деңгейі төмендейді — отбасында, көшеде, жұмыс орнында. Бұны адамдардың таңдаулары арқылы да байқауға болады: бокс, күрес немесе каратэ секцияларына қарағанда шешендік өнер мектептері, эмоционалдық интеллект пен қарым-қатынас психологиясы бойынша курстар көбірек ашылады.

Сәйкесінше, мұндай қоғамда ерлердің ойлау жүйесі де өзгереді — олар бұрынғыдай қатал және бруталды емес. Бірақ бұл — әлсіздік емес, бұл — өркениеттілік.

Comments: 0