
Жуырда екі досымның қызу пікірталасына куә болдым.
Бірі Зеленскийді «өз дегенінен қайтпайтын қырсықтығы» мен ымырасыздығы үшін сынайды. Ол әлемдік саясаттың шындығы – мықты мемлекеттер өз талаптарын қояды, ал әлсіздер бұған көнуге мәжбүр, алып державалар арасында амалдап, жағымпазданып, айласын асыруға тырысады деп есептейді.
Оның ойынша, Украина Ресейден әлсіз болғандықтан, соғыспай, Путиннің талаптарына бағынуы керек еді: Еуропамен интеграциядан, НАТО-ға кіруден, украин тілін …
Read more