Все статьи из рубрики "Психология"

«Өзара ризашылық» немесе «өзара алмасу» ережесі.

Егер біреу сізге, сіз сұрамасаңыз да, жақсылық жасаса, оған бейсаналық түрде қарыз сезімін сезініп, оған алғыс ретінде бірдеңе жасайсыз. Мысалы, 1970 жылдары АҚШ-тағы кришнайттардың табысы жаңа тактиканы қолданғаннан кейін ғана өсе бастады. Адамдар көп жүретін көшелерде қайырымдылық сұрамас бұрын, олар өтіп бара жатқан адамдарға Құдай туралы түрлі-түсті кітап немесе жай гүл сыйлады. Бұл жұмыс істеді.

Дүкен сатушысы сіз үшін басқа …

Read more
Comments: 0

Мен достарымды қалай жоғалттым

Мен әлеуметтік желілерде алғаш рет тіркелген кезде маған көптеген нақты және виртуалды достар қосылды. Олардың саны біртіндеп өсті.

Бірақ бір сәтте мен олардың кейбіреулері маған жазылудан бас тартқанын немесе тіпті хейтерлерге, яғни мені жек көретін және үнемі сынайтын адамдарға айналғанын байқадым.

Ең таңқаларлығы, олардың арасында Менің достарым мен шынайы өмірдегі таныстарым бар. Біреуі-сыныптас, біреуі – группалас, біреуі – бұрынғы әріптес, …

Read more
Comments: 0

Біржақты теңдік

Менің ойымша, біздің кейбір әйелдер эмансипацияны, яғни ерлер мен әйелдердің құқықтардағы теңдігін біржақты түсінеді.

Мысалы, әлі балалары жоқ немесе үлкен балалары бар және әлі жұмыс істемейтін, сұлулық салондарына баруға, дүкенге баруға, қыздармен кездесуге уақыт бөлетін әйелдер бар; жалпы күйеуінің табысына паразиттік әсер етеді және сонымен бірге ер адаммен тең құқықты талап етеді. Олар пәтермен, көлікпен, қымбат киіммен, зергерлік бұйымдармен, саяхат …

Read more
Comments: 0

Ескертулерге реакция

Көптеген жылдан бері жақында маған біреу ескерту жасады. Тар дәлізден шығып келе жатқан әйел адамды өткізіп жібермей, барып қыстырылыстым. Ол кісі маған қабағын шытып, былай деді: «Қайда жанталасып барасыз? Шығып кетейін де».

Сол сәтте мен де бірден қорғанып, тіпті қарсы шабуылға шыққым келгенін сездім. Басымнан сөз асырмай, кекетіп жауап қайтарғым-ақ келді: «Кім бөгет жасап тұр? Шыға беріңіз!», немесе «Жылдамырақ шығуға …

Read more
Comments: 0

Шет елдің азаматтары.

       Баяғыда Петропавлдағы бір жағдай мені қатты таң қалдырды. Жергілікті жастардың қасында отырдым. Олар футболдан бір халықаралық жарыстың нәтижелерін қызу талқылап жатты. Сосын біреуі маған: «Біздікілер тағы бір ойынды жеңсе, топтан шығамыз!» ,-деді. Мен таңданып «Қалайша? Біз жеңіліп, ешқайда шыққан жоқпыз ғой»,- деп жауап бердім. Ол болса: «Міне! Біз екінші орында тұрмыз ғой!» , -деп телефонындағы Ресейдің тобы …

Read more
Comments: 0

Жақын-жат, ақ-қара.

Бәріміздің басымыздан өткен дилемма шығар: дау-жанжалда кімнің жағына шығу керек – саған жақын адамның жағына ма әлде аққа жақ болу ма (жақын адамыңның ісі әрдайым жөн бола бермейді ғой).

Мысалы, ұлыңыз аулада көрші балаға тиіседі. Сосын ол баланың әкесі шығып, сіздің ұлыңызға сазайын тартқызады. Ұлыңызға болысу керек сияқты, бірақ кінәлі өзі.

Немесе кешке аулада келе жатырсыз. Ал онда достарыңыз бір …

Read more
Comments: 0

Эгоизм және достық.

Адамның мінез-құлығы негізгі екі түйсікке бағынады: аман қалу және ұрпақ қалдыру. Бұл түйсіктер табиғаттағы барлық тірі ағзаға тән, осының арқасында аман қалып, ары қарай дамыды.

Алайда адам шын ниетін қалай әспеттеп, боямаласа да, негізгі түйсіктер оны алдымен өз қамын, жеке басын, амандығын және ұрпағын ойлауға итермелейді, яғни бірінші орында «эго» тұрады.

Олай болса, мынадай сұрақ туады: адамзат қоғамында достық сынды …

Read more
Comments: 0

Эгоизм.

Адамның мінез-құлығы негізгі 2 түйсікке бағынады: аман қалу және ұрпақ қалдыру. Бұл түйсіктер табиғаттағы барлық тірі ағзаға тән, осының арқасында аман қалып, ары қарай дамыды.

Адамдар саналы тіршілік иесі болғандықтан, эволюция мен даму барысында бұл түйсіктерге күрделі анықтама ойлап тауып, оларды психология, әлеуметтану, саясат және т.б. деп атады.

Алайда адам шын ниетін қалай әспеттеп, боямаласа да, негізгі түйсіктер оны алдымен …

Read more
Comments: 0

Сын

Сынды көтере алмайтын адамдарды түсінбеймін.

Олар кез келген ескертуге ренжіп, басынан сөз асырмауға тырысады, тиіскендерге «өзіңе қара» деп жауап қайтаруға немесе жұдырығын ала жүгіруге дайын болады.

Осындай адамдарды аяймын.

Сыннан қашу айнаға теріс бұрылумен бірдей ғой.

Айнаға қарамай қойғанмен әдемірек және ұқыптырақ бола қоймайсың. Қанша қашсаң да, бір күні шындық алдыңнан шығады.

Кез келген сынға құлақ асып, қорытынды жасаған әлдеқайда …

Read more
Comments: 0