Барлығы адамдардағыдай

Бүгін Қызылорда облысынан туыс әйел қоңырау шалды.

Оның күйеуі   – мүгедек, үш баласы бар, өзі бірнеше жұмыстарда еңбек етеді, шамасы келгенше тырмысып жүр.  

Жалынып сөйлеп, көмек керек деп айтты.

– Не болып қалды, – деп сұрадым.

– Үлкен қызымды күйеуге беремін. Елдікінен кем еместей той өткізу қажет.   

– Ал қазір той өткізу қанша тұрады?

– Миллион теңге.

– …

Read more
Comments: 0

Тілек

Алдымен олар сені байқамайды. Жұмысыңды жалғастыра бер.

Одан кейін сен өзіңнің еңбегіңмен олардың көңілдерін өзіңе аударасын.   Олар таңғалады да саған қарай бастайды. Қорықпа.

Одан кейін олар сені күлкі қылады. Назар аударма.

Одан кейін сен оларды өзіңнің батылдығыңмен және бірегейлігіңмен ашуландырасың және ызаландырасын. Шыда.

Одан кейін олар сенімен санаса бастайды және құлақ салады. Оларды итерме.    

Одан кейін олар сені мақтай …

Read more
Comments: 0

Мемлекеттік және жеке меншік балабақшалары

Балабақшаларды төлеу жүйесі туралы бірнеше сөз.

Мемлекеттік балабақшаларға бару үшін орнатылатын төлем нарықты болуы керек. Ол балабақшаның барлық шығындарын ғимарат пен жеке мүліктің амортизациясын ескере отырып өтелуі керек.

Ал балабақшаларға баруын адамдар әртүрлі жолмен төлеу керек. Әкімдіктен өз кезегін күткендер балабақшаны өзінің қалауы бойынша таңдап, онымен келісім жасасуы керек. Осы келісім негізінде әкімдіктер осы ата-аналар үшін балабақша қызметтерін төлеуі тиіс. …

Read more
Comments: 0

Түріктер

         90-шы жылдары менің ата-анам Алматы жанындағы Тура Жолда тұрды.

         Сол кездері ол таза, күтілген ауыл болатын. Ондағы адамдар тату-тәтті және көңілді өмір сүрді. Біздің көшемізде әртүрлі ұлт-өкілдерінің отбасылары тұрды: қазақтар, түріктер, орыстар, украиндықтар. Бірақ бізге ең жақын қарама-қарсы тұрған екі жанұя болды: Абзар ағай мен Феруза тәте және Сабыр ағай мен Валида …

Read more
Comments: 0

Мемлекеттік және жеке зираттар.

       Бізде мемлекеттік және жеке зираттар болуы керек деп санаймын.

       Мемлекет қарамағындағы зираттарда ең қажет қызметтер тегін болуы тиіс (қабірге қажет жер телімі, зират аумағын күзету мен таза ұстау). Жеке компанияларға  мемлекеттік зираттар аумағында  қосымша ақылы қызмет көрсетуге (қабір қазу, құлпытас орнату, жерлеу рәсімін өткізу) рұқсат беру керек.

       Жеке зираттар өз аумағында …

Read more
Comments: 0

Алтыатар

          –Сәлемет пе, Фидель! 

          –Сәлемет пе, Хубер!

          –Жарайсың, Фидель! Сотта сондай жалынды сөздер айтып шықтың! Біздің партиямыз сені мақтан тұтады. Әсіресе ана диктатор туралы жақсы айттың: «егер оған тиісті жазасын бермесе және мемлекеттің иесі, президенті, премьер-министрі, сенаторы, генералы, әскери қызметшінің, азаматтық басшының, атқарушы биліктің, заң шығарушы …

Read more
Comments: 0

Терроризм – дәрменсіз ыза.

           Терроризмге берген менің анықтамам:

           Терроризм – дәрменсіз ашу.

            Неге ыза?

            Себебі қалыптасқан жағдайды өзгертуге шамасы келмеген белгілі бір адамдар тобының ызасы террризмнің пайда болуына жағдай жасайды.

            Неге дәрменсіз?

        …

Read more
Comments: 0

Либерал әлде социалист

Сіз либералсыз ба әлде социалистсіз бе, тексеріп көріңіз. Жеті сұраққа жауап беріп, «Л» немесе «С» деген жауаптарыңызды санаңыз.

Сонымен:

  1. Егер сіз жеке тұлға – ең жоғары құндылық, әрі кез келген адам эгоист болуға және өзін ерекше санауға құқылы деген пікірде болсаңыз, «Л» деп қойыңыз. Егер сіз жеке адамның мүддесі қоғам мүддесінен артық болмау керек, жеке тұлға қоғамдық тәртіпке бағыну керек
Read more
Comments: 0

Этикет

         Астананың қоғамдық орындарға баруымның барлығы дерлік психологиялық жарақатпен аяқталады. Соған байланысты қаланың зәулім үйлеріне келесі жазумен үлкен плакаттарды ілгім келеді:

          «Адамдар! Әдепті және сыпайы болындар!»

          Кезекке кезексіз кірмеңіз. Бір-біріңізді итермеңіз. Алдында тұрған адамға жақын тұрмаңыз.  Арақашықтықты сақтаңыз.

          Лифттің келуін күткенде есіктің …

Read more
Comments: 0

Экономиканы долларсыздандыру

Теңге бағамының жиі ауытқуы тудыратын қолайсыздықтарға байланысты еліміздің экономикасын долларсыздандыру қажет деген үндеулер көптеп естіле бастады.

Жалпы долларсыздандырудың мәнін ашып көрейік.

Алдымен мына екі құбылыстың, яғни бағалардың долларға тәуелділігі мен доллармен есеп айырысудың ара жігін ажыратып алған жөн.

Бағалардың долларға тәуелділігі дегеніміз тауар үшін теңгемен төлем жасалғанымен, тауардың бағасы шарты ақша бірлігін теңгенің сол уақыттағы теңге курсына көбейті арұылы есептеледі …

Read more
Comments: 0