Сынды қабылдау

Адамдардың көбі сынды ауыртпаушылықпен қабылдайды. Олар ренжіп қалады, сынаушының беделіне күдіктенеді, оның кемшіліктерін іздейді, кек алады.  

Осындай әңгімелерді жиі естуге болады:

– Менің ойымша, сіз өзіңіздің болжамыңызда қателескен сияқтысыз.

– Сіз экономикада не түсінесіз екен, а?! Одан да өзіңіздің қойларыңызбен айналыса беріңіз! 

– Маған сіздің жобаңыз ұнамайды. 

– Ал сіз өміріңізде бірдеме істеп көрдіңіз бе? Алдымен істеңіз, ал …

Read more
Comments: 0

Қазақстан ДСҰ-ға кіргенінің жақсы және жаман жақтары.

     Орындалды!

     Қазақстан ДСҰ-на кірді.

     Ал енді, үнемідегі сияқты, орындалған оқиғадан кейін алып, бәрін өлшейік те, бізге бұл керек пе, жоқ па екенін ойластырайық. 

     Ең алдымен, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы дегеніміз не?

     Қарапайым тілмен айтқанда, бұл тауарлар мен қызметтер бір елден бір елге тұтынушылардың қуанышына орай еркін сатылуына жауапты халықаралық ұйым. Бұл …

Read more
Comments: 0

Жосықсыз әдет-ғұрып жұдырықшы құқық

Қаланың орталығында екі жүргізуші шекісіп қалады. Біреуі екішіншісін басып өған шығар, сірә. Жүргізушілер көліктерінен түсіп жұдырықтасып жөнін шеше бастайды. Біріншісі екіншіні ұрып-соғып тастап разы болып кетіп қалады. Екіншісі асфальт үстінде жатып қала береді.    

Таныс сюжет, рас па?

Тіпті болжаулы және әдеттегідей деп айтар едім. Бірақ осындай болып ол артта қалған, дамымаған, жабайы елдерге тән қалады.  Өркениетті елде бұндай …

Read more
Comments: 0

Мұхаммед пайғамбарға мазақ суреттер

2015 жылдың 07 қаңтарында Парижде үш қарулы қылмыскер Мұхаммед пайғамбарға жасалған мазақ суреттерді жариялаған «Charlie Hebdo» француз газетасының қызметкерлерін атып тастады.

Бұл жаңалық мені тетіретті және ашуымды келтірді.

Бірақ кейбір қазақстандықтардың осы жаңалаққа деген реакциясы одан зор әсер етті.

Біреулері бұл деректің шынайылығына және террорлық әрекетке радикалдық исламшылардың қатысы барлығына күдіктенді. Бұл АҚШ немесе Израильдің арнайы қызметтері мұсылмандардың атына кір …

Read more
Comments: 0

Сөздердің метаморфозалары

Кейбір сөздермен оғаш метаморфозалар болып жатыр.

Міне, мысалы, «негр» деген зымырсыз ғылыми сөз. Өмір бойы ол негр тектес нәсілді деген мағынаны білдірді. Бұл қорлау да емес және қошемет те емес. Жай ғана фактіні анықтау. Бірақ жоқ, бұл сөзде жасырын кемсітушілік бар деп біреуге көрінді, сондықтан барлық әлемде негр тектес нәсілдің өкілдерін негр деп атауға құқығы жоқ. «Афроамерикандық» деп айту керек. …

Read more
Comments: 0

Кәрілік

Жастар менің ашуымды келтіріп, олардың музыкасы маған мағынасыз, киімдері ұсқынсыз, ғұрыптары азған болып көрінетін, бұрын шөп қәзіргіден көгірек, ал су қазіргіден ылғал болды деген ой басыма кіретін сәтті тұла бойымды қорқыныш билеп тосып отырамын. 

Менің кейбір құрбыларым сондай  күдіктерді  айта бастады. Ал менде, неліктен екенін білмеймін, әлі бастала қойған жоқ.

Маған қазіргі R&B бір кезде ұнаған  сүйікті «ABBA» және «Boney …

Read more
Comments: 0

Қазақ тілінің дамуы туралы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері 24 жыл өтті. «Мемлекеттік тілді игеру Қазақстан Республикасы әр азаматының борышы» деп жариялайтын тілдер туралы заңның қабылданғанына 18 жыл болды.

Осы уақыттың ішінде не жасалды?

Қазақ тілін кең таратып, жақсы игере алдық па?

Бағалар әркелкі. Біреулері үдеріс жақсы екпінде жүріп келеді деп санайтын болса, басқалары кешірілмес баяу жылжиды дейді. Осы даулар кейде ұлтаралық қарым-қатынастардың қауіпті …

Read more
Comments: 0

Келіссөздерді жүргізуші

Келіссөздерді жүргізушілердің тағдырлары кісі қызыға қоймайтындай.

Өздерінікі ылғи да сен тым көнбіс және көнгішсің деп айтады.

Бөтендер ылғи да сен тым қатал және ырыққа көнбейтінсің дейді.    …

Read more
Comments: 0

Алматылықтар мен астаналықтар

Алматыға барған сайын, алматылықтар мен астаналықтардың арасындағы айырмашылықтарды анық сезіне түсемін.

Астана десек, мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік компанияларының қызметкерлері көп тұрады. Бұл жағдай көпшілік  орындарының жалпы жағдайына әсерін тигізеді. Астаналықтар демалыста жүрсе де (мейрамханаларда, сауда орталықтарында, кинода), олардың жүргендері қызметте жүргендей болады: тәртібі қатал, түрі жинақты, киімдері ұстамды. Қайда жүрсе де, жан-жақтарына қарап жүреді, оның себебі басшыларын көріп қалған жағдайда, …

Read more
Comments: 0

Спорт

Спортта, әр айрықша жағдайда сияқты, адамдардың түйірі танылады. Адам қандай екенін білгіңіз келсе, оны футбол алаңында немесе хоккей  кортында байқап көріңіз.

Егер де ол білдіртпей аяқпен шалып қалса, ережелерді бұзғанын мойындамаса, төрешімен ұзақ дауласса, команда бойынша серіктестерін жасаған қателері үшін кінәласа, онда осындай адаммен бірге барлауға шықпаңыз деп кеңес берер едім. Күнделікті өмірде ол ұсақшыл, өкпешіл және де пиғылды адам …

Read more
Comments: 0